«Қаройда» мәдени орталық салынады

 Биылы белгіленіп, жасақталып жатқан көптеген жобалық-сметалық құжаттамалар Жарсуат округіне қарасты дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы жатқан «Қаройды» да қамтымақшы.

«Қазақстанның киелі жерлер» картасына енген қасиетті мазарға тағзым етіп келушілерге арналып, арнайы танымдық-демалыс орындары салынады екен. Оның жайын қорық директоры Сәрсенбай Дәуітбаевтан сұрағанымызда:

-Батыр-ақын мазарынан шамамен 300 метрдей қашықтықта үш қазақы киіз үй іспеттес орындар бой көтереді. Оның бірі қонақ үйі, дәмхана және мұражай-конфернц залға лайықталады. Сонымен қатар ол орындарға электр желісі тартылып, жылыту, тамақ дайындау, су тартылып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызылады,-деді Сәрсенбай Меңдіғалиұлы.

Сондай-ақ бұл орынға жөнделмекші болып жатқан Индер-Қарабау жолы бойындағы Кетебай елді мекені арқылы жол тартылып, суды 8 шақырым жердегі «Алғабас-Жорық» каналы бойындағы котлованнан құбыр арқылы алу жайы ойластырылып жатқанын жасырмады.

Несі бар, ойластырылып жатқан игілікті іс сәтімен басталып, қаржысы жеткілікті бөлініп, сапалы әрі тиянақты атқарылсын демекпіз.

С. ХАЛЫҚОВ.

Жарсуат округі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521