ПЕРЗЕНТХАНАДА АТАЛҒАН МЕРЕКЕ

Отбасы күніне орай Индер ауданы перзентханасында жас босанған аналарды құттықтау шарасы өтті.

Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бұл шараға Аналар кеңесінің төрағасы С.Жанғали, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тілепқалиева, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Дюсубалиева және бірлестік жетекшісі Қ.Гилманов қатысып, аналарға ақ тілектерін жаудырды.

dsc_1307

«Отан отбасынан басталады» демекші, отбасының толық сүйіспеншілігіне бөленіп өскен әр ұрпақтың саналы тұлға боп жетілетіні туралы айтылып, шаңырақтарының берік боп, нығая түсуіне, балғындардың бақытты, дені сау өсуіне ниет білдірді.

dsc_1304

Сондай-ақ мереке қарсаңында сәбилерін жарық дүниеге әкелген жас босанған аналарға ішкі саясат бөлімі басшысының Құттықтау хаты мен гүл шоқтарын және отбасылық суреттер жиынтығын топтастыратын естелік сыйлық, сонымен қоса «Бөбегім» дүкенінен керек-жарақтарын алу үшін 5000 теңгенің сертификатын табыс етті.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521