МҰРЖАЛАР ХАЛЫҚҚА МҰҢ БОЛДЫ

Индер ауданындағы көп қабатты үйлердің қазандықтарына арналып жүргізілген мұржалары алынып жатыр. Ол осыдан жеті-сегіз жыл бұрын демеушілік көмектің қаражатымен салынған болатын.

-Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендігінен жылумен қамтамасыз етіп отырған мекемеге төлемақысы толық төленбей, ол мекеме қаржылық қиын жағдайда болды. Айталық, газге бережақ болып, жылу жүйелері мерзімінде қосылмаған жағдайлар да кездесті. Сондықтан тұрғындарды орталықтандырылған жылудан айырып, дербес жіберу жоспарланған болатын,-дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абзал Рамазанов.

Айталық, бұл іс барысында кенттегі Д.Қонаев көшесіндегі №20, 21, яғни, екі 40 пәтерлі үйлер түгелімен дербес жылу қазандыққа көшіріліп, заңдылыққа сай құжаттары жасақталынған. Ал басқа тұрғын үйлерде бұл жұмыс тұрып қалған, тіпті оған ешқандай да техникалық шарт та жасақталынбапты. Осы салаға тиісті бөлімнің басшысы Абзал Рамазанов бұл жағдайды былайшы түсіндірді.

-Қазір жағдай өзгеше. Қазір жылумен қамтушы мекеменің жұмысы қалыпқа келтірілді, жылу мерзімінде тұрақты беріліп келеді. Тиісінше тұрғындардың да сенімі артты, төлем қабілеті де жақсарды. Жылу қалыпты болғандықтан дербес қазандыққа көшуге тұрғындар аса ықыласты емес. Ал мұржалар уақыт озған сайын тозып барады, қараусыз қалғандықтан қауіп-қатер туғызуы әбден мүмкін. Әрі үйлердің архитектуралық келбетіне де нұқсан келтіріп тұр және оның тиісті заңдылыққа сай құжаты да жоқ. Сондықтан мұржаларды алып тастауға шешім қабылданды. Қазір алынған мұржалардың орны бірден таспен бітеліп отыр. Оған тұрғындардың түсіністік танытуын сұраймыз,-дейді.

Саламат БАЗАРБАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521