МҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне емін-еркін кіріп-шығуын ойластырған ауылда кәсіпкерлікпен айналысатын жомарт жандар қаржы жинап, пандус орнатып берді.

Индер ауданы әкімінің орынбасары Дарын Дүйсенбайұлының айтуынша, кент тұрғыны, I топтағы мүгедек Кабес Қапаровқа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 2 қатарлы үйіне демеушілік бағытында пандус орнатылып берілсе, I топ мүгедегі Гүлзипа Бақтығалиеваға тұрғын үйінің 1 қабатына жылжымалы пандус орнату үшін 100 мың теңге көмек көрсетіліп, Алматы қаласына тапсырыс берілген.

Жалпы аудан бойынша 1153 мүгедек болса, оның ішінде I топта - 69, II топта – 473, III топта – 425 адам және бала жастан 186 мүгедек бала тізімге алынған. Бір қуантарлығы - өткен жылмен салыстырғанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 31 адамға кемігені байқалады (2018-1184 адам, 2019-1153 адам). Оның ішінде 36 адам кресло-арбамен жүреді екен.

«Дендер» - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521