Мешітке киіз үй сыйлады

Жарсуаттық 1982 жылы туған азаматтар Махамбет атындағы орта мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуларына орай сүйікті ауылдарына ізгі амал жасапты. Яғни олар ауылдағы мешітке 90 кісілік ақ шаңқан киіз сыйлап, оны ою-өрнегімен мешіт жанына құрып қойыпты.

- Бұл рамазан айындағы жақсы іс болып отыр. Бүгін осы киіз үйде алғашқы ауыз ашарымызды береміз. Сөйтіп бір ай бойы тігіліп тұрады. Сонымен қатар ауылдағы ағайындарымыздың әулетіне түскен қиындықтарда бәрінің киіз үй жалдауға шамасы жетпейді ғой. Осындай жағдайда осы үйді пайдаланады. Бұл оларға еселеп сауапты боларына сөз жоқ. Алланың нұры жаусын ол азаматтарға, - дейді ауыл имамы Құраш Зинелұлы.

Шынында да соңғы кездері топырлатып той жасауды ғана емес елге қажетті дүниелер жасап жүргендердің қатары көбейіп келеді. Бұл нағыз елдіктің белгісі екені сөзсіз.

Ж.ІСІМ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521