«МЕРДІГЕРЛЕР МӘСЕЛЕ ТУЫНДАТЫП ОТЫР»

Бұрындары Индербор кентіндегі жаңадан орнатылған қоқыс жәшіктерінің сапасына сын көп айтылып келді. Әрі қалдық қағаздар салумен бірге кейбіреулер жолай темекісінің тұқылын тастап өртеніп кеткен жағдайлар кездескен.

Сондықтан да мұндай келеңсіз жай орын алмас үшін арнайы жаяу жүргіншілер жолына күлсалғыш орнатылған қоқыс жәшіктері орнатылмақ. Сондай-ақ Индербор кентіндегі Бейбарыс көшесінде орналасқан арбатты абаттандыру да жоспарда тұр. Барлаушылар бөлігіндегі көшірілген екі қатарлы үйлердің орны, орталықтағы ескі гараждар сынды құрылыс нысандарынан арылту жұмыстары жүрмек. - Биыл кентті абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына 546 932 мың теңге бөлінді. Абаттандыру жұмыстарының ішінде С.Құбашев көшесінің Жайық жақ бетіндегі қараусыз қалған саябақтың қазір қоршауын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге Меңдіғалиев көшесі №45 нүктеде орналасқан бұрынғы орталық саябақты күрделі жөндеу жұмысын конкурсқа бердік. Қазіргі уақытта оның мердігерлері арасында түрлі мәселе орын алып, істі бастау сәл кешігуде,-дейді кент әкімі Асхат Аймұратов.

«Дендер»-Ақпарат.

Сурет: ашық дереккөзден алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521