Мамандар зейнетақы мен жәрдемақы туралы кең түсінік берді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалы мамандары жақында ауданға келіп зейнетақы мен жәрдемақы туралы халыққа түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аудандық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында өткен жиынды аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жеңіс Иғалиев ашып жүргізіп, келген қонақтармен таныстырды.

Алдымен сөз алған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Ләззат Сагинбекова мемлекеттен төленетін зейнетақы жүйесі мен жәрдемақы, ондағы өзгерістер, жеңілдіктер туралы ақпарат берді. Жалпы мемлекеттен үш түрлі зейнетақы төленеді. Оның біріншісі ынтымақтық зейнетақы - ол 1998 жылға дейін өтілі болған жағдайда, екінші базалық – ол зейнет жасына жеткен барлық адамға төленетін зейнетақы, ал үшіншісі қордағы жинақтан алынатын зейнатақы.

Осы орайда баяндамашы қазіргі кезде жастар арасында зейнетақы қорына ақша ұстауға қарсылық танытып жүргендердің барын, оның дұрыс еместігін жеткізсе, аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Сәулет Есетов ондай жағдай шаруалар арасында көптеп кездесетіндігін сөз етіп, оларға түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігінен орын алып отырғандығын жасырмады.

z

Сондай-ақ департамент өкілі жұмыстағы жүкті аналардың босанар алдындағы жәрдемақыға жинаған немесе зейнет жасына жеткен тұлғалардың тапсырған анықтамасы бірден өтпейтіндігін, қателіктер шыға беретіндігін, сол себепті біразға дейін сабылтып қоятындығын айтып, бұл бірінші кезекте есепшілердің салғырттығынан туындайтындығын жеткізді. Биылғы тағы бір өзгеріс, маман сөзінен ұққанымыздай жаңа босанған ана бұрынғыдай аяқ тоздырып зейнетақы орнына бармай перзентханадан-ақ өтініш беріп біржолғы және бір жасқа дейін төленетін жәрдемақыға және балабақшаға тіркелуге мүмкіндік ала алады. Бұл өз кезеңінде жас босанған аналарға жасалған игі іс болса керек.

Жиын әрі қарай сұрақ-жауапқа ұласып, тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарға филиалының директордың орынбасары Қарлығаш Джансариева мен қызмет көрсету бөлімінің бастығы Гүлайым Буранбаева жауап берді.

Жиын соңында келген өкілдер қажетті мағлұматтарды Индербор кенті, Бейбарыс көшесі бойындағы бөлімшеден де ала алатынын қаперге берді. 

 А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521