ban2

Мәслихатқа депутат сайланды

Атырау облыстық мәслихатынан шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды сайлау өткен жексенбі - 25 наурызда  өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 101-бабының 4-тармағына сәйкес және Атырау облыстық, Атырау қалалық, Махамбет аудандық мәслихаттарының шешімдерінің негізінде  облыстық аумақтық сайлау комиссиясы шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындауға  шешім  қабылдаған болатын. Оның ішінде аталған шешіммен  Индер ауданының территориясында орналасқан 7 учаске (110, 111, 112, 113, 114, 116, 117)  облыстық мәслихат депутатына дауыс берді. Алдын ала хабарланғанындай ауданнан №22 сайлау округі бойынша кандидат болып Биғамбаев Мәлік Қабдрашұлы, Құлғалиев Сағидолла Саламатұлы, Құсайынов Алмас Меңдешұлы тіркелген болатын.

Дауыс беру 25 наурызда  сағат 7.00-де басталды. Мысалы, өзіміз куә болған «Борат» мәдениет үйінде орналасқан №111 сайлау учаскесінде сайлау  Қазақстан Республикасының  Гимнімен салтанатты түрде ашылды. Аталмыш учаскенің   комиссия төрағасы Светлана Жанғали облыстық мәслихат депутаттығына сайлауды ашық деп жариялады. Бұл учаскеде алғашқы болып Жәнібек Ислямғалиұлы дауыс берді.

- Туған өлкеміз Индеріміздің өркендей беруі үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Таңдаған үміткерім мен секілді сайлаушылардың сенімін ақтайды деген үміттемін, - деді ол.

Арада бір сағаттан кейін көп бейінді ауыл шаруашылығы  колледжінде орналасқан  №113 сайлау учаскесіне жолымыз түскенде бірқатар сайлаушы өз дауыстарын бергенін мөлдір шыны ыдыстарға салынған бюллетендерінен куә болдық.

-Ауданымыз үшін маңызды іске ертемен кірістік. Сайлау салтанатты түрде Гимнмен ашылды. Көпшіліктің алдында  бюллетендерді шығарып, мөлдір жәшіктерді пломбаладық. Сайлауға  алғашқы болып кенттің Болашақ мөлтек ауданының тұрғындары Құлымбетов Ильяс жұбайы Гүлзира мен бірге дауыс беруге келді. Сонымен қатар А.Құбашев, Д.Сламбеков, тағы басқалары өз дауыстарын беріп жатты. Жалпы дауыс беру ұйымшылдықпен өтуде, - деді аталмыш сайлау комиссиясының төрағасы Сатыбалды Оразғалиев.

«Көктем» қазақ орта мектебіндегі №114 сайлау учаскендегі сайлау   комиссияның төрағасы Бақытжан Ниязовпен сөйлескенімізде, аталмыш округте 1561 сайлаушы тіркелгенін, кешкі сағат 20.00-де  дауыс беру аяқталып, қорытындысы алынғанын атап өтті.

- №114 сайлау округіненде сайлаушылардың  1274-і дауыс беруге келді. Бұл дегеніңіз – барлық сайлаушының 81%. 1 бюллетен жарамсыз танылды, келмеген сайлаушылардың 301 бюллетені жойылды. Сайлаушылардың негізі  түске дейін дауыс берді, - деді Б.Ниязов.

 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Сурет автордікі.

 

 

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner