Ұлттық санаққа өз үлесіңді қос!

Тарих табалдырығынан аттаған 2019 жылдың ең басты тақырыптарының бірі – кезекті ұлттық санақты өз дәрежесінде ұйымшылдықпен өткізу.

Бұл жұмыстарға Ұлттық экономика министрлігі 8,8 млрд. теңге қажеттілігі болатынын анықтап, сұраныс берген. Ол қаржының басым бөлігі санақ жүргізуші-интервьюерлердің жалақысы және планшеттер сатып алуға жұмсалмақшы көрінеді.

Ұлттық санақ демографиялық ахуалмен бірге азаматтардың білімін, денсаулығын, тұрмыстық ахуалын, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін айқындауға көмектеседі. Қазіргі таңда Статистика агенттігі еліміздегі халық саны 1 млн.28 мыңға көбейгенін мәлімдесе, 2018 жылғы 1 қарашадағы дерекке сай ел халқының саны 18 млн. 356,9 мың адамды құраған, Қазақстан әлемдегі халық ең аз орналасқан ел болып саналады. Қазір еліміздегі бір шаршы шақырым жерде тұратындар саны орта есеппен сегіз адамнан айналады. Ендеше, Қазақ елі үшін демографиялық өсімнің үлкен геосаяси мәні бар.

Сонымен Қазақстан тарихындағы үшінші жалпы ұлттық санақ 2019 жылғы қараша айында өткізілмекші. Бұл санақтың ерекшелігі – тұңғыш рет халық санағы цифрлы технология бойынша инновациялық негізде жүргізілмек. Яғни, интернет-портал ашылып, сол ақпарат көзіне азаматтар өздері туралы мәліметті интернет арқылы жолдайтын болады. Әрине, бұрынғы үй-үйді аралап тіркеу жүйесі де қолданылатын болады.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521