Ұлттық құндылықтар паш етілді

Табалдырықтан аттаған әз Наурыздың алғашқы 14-і күнінен бастап, Ш.Уәлиханов пен М.Әуезов, С.Сейфуллин, «Көктем» қазақ орта мектептері мен Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі ауласына елдің сәні, наурыздың мәні, тарихтың көне жәдігері ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, сықырлауықтары айқара ашылды.

Мұндағы алғашқы жетістік, үлкен-кішіге зор қуаныш сыйлаған тарихи тұрғыдан әлемдік өркениеттің аса керемет жетістігі саналатын киіз үйді жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің ақыл-кеңесін тыңдай жүріп, өздері құрды. Кішілері оларға көмектесе жүріп, әр жабдығы мен ою-өрнектерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, көңілдеріне тоқыды.

- Елбасы Н.Назарбаев «Дәстүрлі мәдени мұраны жаңғырту, өз халқының дәстүрлі тәжірибесіне жүгіну-бұл мемлекет тәуелсіздік алған кезде орын алатын заңды құбылыс» деп атап көрсетсе, осыған сай биыл ауданның білім ордаларында «Хош келдің, әз Наурыз» атты онкүндік жарияланып, жалпыхалықтық сипат беруге ұмтылып отырмыз. Бұл онкүндік уақытында білім ордаларындағы мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер ұлттық киімдер киініп жүретін болады. Ал барлық сыныптарда салт-дәстүрді таныта түсуге бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылады. Онкүндіктің алғашқы күні осылайша халқымыздың баға жетпес құндылығы киіз үймен танысудан басталды. Одан соң барлық мектептерде ардагерлер мен ата-аналарды кеңінен тарта отырып, баршаның Көрісуіне жалғасты,-деді аудандық білім бөлімінің бас маманы Тұрсынай Әренова.

Толығырақ газетіміздің 20 наурыздағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521