Әкімшілік шығын азаймақ

Тиімді мемлекеттік басқару, әкімшілік шығындарды азайту мәселелеріне  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Н.Назарбаевтың  биылғы Жолдауында  баса назар аударылған болатын.

Осы орайда Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова  ауданға жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары аясында агенттіктің төраға орынбасары Айгүл Шаимова Есбол ауылында орналасқан Орман шаруашылығы мекемесінде және аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінде болды.

Кездесу барысында мекеме қызметімен танысып, басқарудың неғұрлым тиімді жүйесін құру, оңтайландыру мәселелері  талқыланды.

Кездесуге  аудан әкімі Серік Арыстан және орынбасарлары қатысты.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521