ban2

Халыққа жақындау қалыпты іске айналды

Жақында «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалының кезектен тыс жиырма сегізінші конференциясы өтті.

Мандат комиссиясының хабарламасы бойынша партия Жарғысына сай конференцияға 2091 партия мүшесін біріктіріп отырған барлық 12 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 34 делегат қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе партия төрағасы Н.Назарбаевтың партия алдына қойған тапсырмаларының орындалысы туралы аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев баяндама жасады.

- Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында 4 ұлттық жобаны іске асыруға кірістік. Жобаның мақсаты – азаматтардың күнделікті проблемаларын шешуге жәрдем көрсету, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі көтеруде қарқынды жұмыстар атқару, - дей келе, «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл-ел бесігі», «Құтты мекен» атты жобалар аясындағы жүзеге асып жатқан жұмыстар жөнінде толық айтып өтті.

Жарыссөзге көтерілген Елтай және Құрылыс бастауыш партия ұйымдарының төрағалары Ербол Дүйшім мен Сағынтай Керешов Елбасы тапсырмаларының ауылдарда қалай жүзеге асып жатқанын, барлық партия мүшелері бұл жұмыстарға белсене араласып жүргенін, баяндамашы атап өткен жобаларды жүзеге асыруға күш біріктіре атсалысатындықтарына екпін бере сөйледі.

Ж.ІСІМ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner