Келер жыл жастарға арналмақ

Бүгін Индер ауданының халқымен бірге мен де Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауын тыңдап, тың бастамалармен танысып, жалғасын табар жобалармен қанықтым.

Елбасының Жолдауындағы 2019 жылда «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, педагогтардың игілікті істерін олардың мәртебесін биіктететін жұмыстармен көрсету керек екенін баса айтқанына көңілім қуанды. Сонымен бірге Жолдауда көрсетілген спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру мақсатындағы тапсырмасын тыңдай отырып, ауданымызда да спорттық аулалар мен ғимараттардың жұмысы жанданып, күшейер деген үмітте қалғаным рас. Елбасы келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынып, ауылдағы жастардың әлеуметі мен әлеуетін көтеруге назар аударуды, жастарды қолдауға арналған шаралардың кең ауқымда жүзеге аскын қамтамасыз етуді тапсырғаны үлкен сенім мен жастарға биік серпін береді деген сенімдемін.

Г.Бопасова,

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің әдіскері.

 колледждегі жастар комитетінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521