ban2

"КАЗПОШТА" БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Аққала ауылының тұрғыны, "Рахым и К" ЖШС басшысы Балауса Жұманиязова "франчайзинг" арқылы ауылдан "КазПошта" торабын ашты.

Бұрындары Аққалада халық санының жеткіліксіз болуына байланысты пошта торабы болмады. Міне, жақында бұл көптен күткен мәселенің де шешімі табылды. Оның салтанатты ресми ашылуында Елтай ауылдық округі әкімі Е.Дүйшім бұл тораптың төлемдер қабылдау, поштамен келген сәлемдемелерді тапсыру, газет-журнал тарату сынды жұмыстарды атқаратындығын айтса, Индер аудандық «ҚазПошта» бөлімінің басшысы А.Жобалов ауыл тұрғындарын құттықтай отырып, ауылдық пошта торабының жұмысы болашақта кеңейтілетіндігін қаперге берді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 1 адамды жұмыспен қамтып отырғандығын, яғни ауыл тұрғыны Айгерім Нұрболатова пошта операторы болып жұмысқа орналаcқанын хабарлады. Сонымен Индер аудандық «ҚазПошта» бөлімінің басшысы А.Жобалов пен ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Раушанов алқызыл лентаны қиған соң, Аққала орта мектебінің өнерпаз оқушылары Бақыт Мұратова мен Жайнагүл Жұмагерей биден шашу шашты.

ГҮЛНАФИС ЕСҚАЛИЕВА,

штаттан тыс тілші

Аққала ауылы

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner