ban2

Ішкі істер ісі сынға ілікті

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХVI сессиясында аудан бюджетінің атқарылуы мен даму бағдарламасының бағыты сынды маңызды мәселелер қаралды.

Сессияда 2018 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөнінде аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Қонасова баяндама жасады. Аудан бюджеті 2018 жылға 6 млрд 222 мың 963 теңге көлемінде жоспарланып, 6 млрд 307 мың 750 теңгеге, яғни 101,4 пайызға орындалған. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер мен кредиттерді қоспағанда кірістер 1 млрд 002 мың 293 теңге жоспарланып, 1 млрд 087 мың 080 теңге түскен, яғни 108,5 пайызға құраған. Бұл тұрғыдан айтқанда даму қарқыны жаман емес, жоспар жүйелі келеді. Дегенмен іркіліс те бары назардан тыс қалмады. Ендеше, тежеу неден?

Айталық облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Жапақов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне, соның ішінде аумақтық даму бағдарламасының экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп сынды негізгі бағыттары бойынша жүзеге асып отырған индикаторлармен қатар орындалмай қалғандарына арнайы тоқталды. Ал сессия төрағасы Ж.Амантурлин аумақтық даму бағдарламасына сай белгіленген индикаторлардың ішінде ішкі істер бөлімінің тиісті саладағы қызметі ауданның көрсеткішіне кері әсерін тигізіп отырғанын, аудандық қаржы бөлімі бірнеше рет қаперге бергенімен мойынсынбау бары байқалып отырғанын, сондықтан да бұл іске енді полиция басшысы жауапкершілік танытуы қажет деген пікірін білдірді. 

Аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров та жасөспірімдер арасында қылмыс бойынша үшінші жыл қатарынан аудан индикаторына кері әсерін тигізіп отырғанын, бұл арада тек полицияның ғана емес, осы іске қатысты басқа да тиісті орындардың жауапкершілігіне баса назар аударды.

Сессияда сөз алған аудан әкімі М.Қалауи ауданның аумақтық даму бағдарламасын іске асыруда төмен индикаторлар бойынша депутаттардың көтерген мәселесін қолдайтынын, жазасын өтеп келген адамдарды жұмыспен қамтуға барлық мүмкіндік барын және биылғы жасалатын жұмыстардың бәрі жоспарланып, қаржыны мақсатты игеруге толық мүмкіндік барын, бұл іске енді жауапты басшылардың тындырымды жұмысының қажеттігін атап өтті. Сессияда өзге де мәселелер қаралып, шешім қабылданды.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner