ИНДЕРБОРДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Индерборда көпшіліктің көптен күткен автокөлік жолын жөндеу жұмыстары басталды. Әрине, кенттің біраз көшесінде бұған дейін тым-тәуір асфальттанған автокөлік жолдары болатын.

Соңғы бір-екі жылдан бері жаңадан кәріз жүйесін жүргізу барысында кентішілік жолдардың біразын қазуға тура келген. Нәтижесінде жолдардың саутамдығы қалмады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың, әсіресе көлік жүргізушілердің ренішін туғызған еді. Енді, міне, кентішілік автокөлік жолдарының орта дәрежедегі жөндеу жұмыстары басталды. Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абзал Рамазановтың айтуынша, Қ.Тұқфатов көшесіндегі Әйіп қажы мешітінің маңындағы жырадан бастап, орталықтағы Ш.Уәлиханов, Д.Қонаев, Тайсойған, Махамбет көшелеріне барлығы 5,6 км асфальт төсеу жұмыстары бүгін басталды.

-Орташа жөндеу жұмыстарына аталған орталық көшелердің асфальтінің беті қырылып алынып, қайтадан тегістеліп төселеді, бордюрлері жаңартылады. Жаяу жүргіншілер жолы да қатар салынбақ, - деді бөлім басшысы.

Айта кетейік бүгіннен бастап 1 қыркүйекке дейін Индербор кенті әкімінің шешімімен Атырау мен Оралдан Индербормен өтетін жүк автокөлік құралдарына шектеу қойған болатын. Сонымен қатар асфальт салардың алдында Д.Қонаев, Төленбаев, Махамбет көшелерінде орта қысымды газ құбырлары да ауыстырылып басталғанын қаперге бере кетейік.

Толығырақ «Dender» газетінен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521