ban2

Индер ауданындағы каналдар күрделі жөндеуден өтпек

Қазіргі таңда Атырау облысындағы ауылшаруашылығы мақсатындағы су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірдегі ауылшарушалығы мақсатындағы су жетіспеушілігі мәселесі – Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың ағымдағы жылдың 30 қара күні өңір кәсіпкерлерімен кездесуі барысында көтерілген болатын. Жиын барысында аймақ басшысы облыс аумағындағы 15 каналдың 14-і республикалық баланстан облыс теңгеріміне берілгенін мәлімдеген еді. Бүгінде облыс аумағындағы су жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Мәселен, облыс орталығына қарасты «Соколок» каналы бойында – Қайыршықты ауылдық округінің 25 шаруа қожалығы орналасқан. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінде аталған каналдың арнасын ашу, жалдарын көтеру және канал бойында су реттегіш шлюз құрылыстарын жүргізу сияқты жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ, Индер ауданындағы «Ақсай», «Бағырлай», «Құрайлы-сай» каналдары да жөндеуден өтпек. Бюджеттен аталмыш жұмыстарды жүргізу мақсатына 56 млн. теңге қарастырылған.

Мұндай жұмыстар Құрманғазы ауданындағы «Кобяково-Забурунь» каналына да жүргізіледі. Ең ауқымды жұмыстар Махамбет ауданында. Өйткені, каналдардың тең жартысы осы аудан аумағында орналасқан. Ағымдағы жылы мұнда «Сары-Өзек» пен «Алға-Егіз» каналдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде. Ал, қалған «7 ауыл-Айсары», «Бақсай», «Құрсай», «Есбол-Қозыбай», «Сборный» каналдарына жөндеу жұмыстары үшін жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner