Индер аудандық мәслихаттың кезекті ХХХҮ сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың депутаты Сайлау Байбосынов төрағалық еткен кезекті сессияда Елтай ауылдық округінің әкімі Ербол Дүйшімнің «Есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебі» және аудандық өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Бақытжан Сахиповтың «Шағын кәсіпкерлік және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында аудан бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы» баяндамалары талқыланды.

Қос мәселе бойынша депутаттар А.Доспаева, О. Ділмұқашева, М. Илияс, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Сапаров, тағы басқалары сөйледі. Сессяида «Индер аудандық Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы», тағыда басқа мәслелер қаралып, тиісінше қаулылар алынды.

Соңында аудан әкімі М.Қалауи кент жолдарын жөндеу, тазалық, сенбіліктерге қатысу мәселелері бойынша қорытынды сөз сөйледі.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521