ЕҢБЕГІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Индер аудандық электр жүйелері мекемесінде шебер, бас инженер, кейін бөлім басшысы қызметіне дейін көтерілген Асқар Төлешұлы Үмітқалиевтың еңбек демалысына шығуына орай кездесу өтті.

Бөлімшеде өткен жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Дарын Шамұратов пен аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров ауданның әлеуметтік-экономикалық саласы мен қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып, елдің жүгін біркісідей көтеріскені үшін Асқар Төлешұлына аудан халқы атынан ризашылығын білдіріп, ауданның Құрмет грамотасын табыс етті.

d

Ал өз кезегінде «Атырау-Жарық» АҚ бас инженері Мейірбек Губашев мекеме басшысының энергетика саласындағы қызық та қиын күндерін артқа тастап, зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, марапаттар мен естелік сыйлықтар тапсырса, кәсіподақ төрағасы Алтын Жұмажанова да өзінің ақжарма тілегін жеткізді.

Жиында Асқар Төлешұлы барша әріптестеріне бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы уақыттағы еңбектеріне табыс тіледі.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521