Елімнің туын асқақтаттым!

Қазақ елінің Тәуелсіздікке қол жеткізуі спортшыларына да жол ашты.

Ширек ғасырдан бері Қазақ спортшылары Олимпиада мен әлемдік жарыстарда Қазақстанның көк туын биікке желбіретіп, Гимнін шырқатуда. Биылғы Тәуелсіздік мерекесіне мен де табысты жеттім. Алдымен Үндістанның Нью-Дели қаласында еркін күрестен жастар арасындағы Азия чемпионатынан жүлдемен оралдым. Содан соң отандық бапкерлер Словакия елінің Трнава қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысуыма сенім артты. Дүние жүзі көз тіккен бәсекеде менің жеңісім - Қазақстанның жеңісі екендігін, сәтсіздігім болса елімнің атына да сын боларын жан-тәніммен сезіндім. Оңтүстік Корея, Словакия, Қытайдан келген қарсылас палуандар да өз елдерінің үкілеген үміттері еді.

Бірақ тартысты белдесулерде жеңіп шығып, Қазақ Елінің туын биікке көтеруге үлес қосқаныма қуаныштымын. Ал елге оралғанда Атыраудағы әуежайдан, Индерборда орталық алаңнан Сіздердің күтіп алып, қошемет көрсетіп жатқандарыңызға мың да бір алғысымды жеткіземін. Әрине, алдағы жоғары деңгейлі бәсекелерге үлкен үмітпен қараймын. Қашанда қазақтың намысын биік ұстау – мен үшін үлкен абырой. Қазір Ресейдің Дағыстан елінде оқу-жаттығу жиындарында жүрмін. Баршаңызды Қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Сырбаз ТАЛҒАТ,

еркін күрестен жастар арасында әлемнің және Азияның жүлдегері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521