ban2

Электронды түрде жүзеге асырыңыз

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР-ның Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Бұл хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаның нысаны - уәкілетті ұйымдардың және электрондық тауар саудасының қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары ҚР-сы Ұлттық экономика министрлігіне бекіту үшін жіберілген. Хабарламаны бекіту және оны ҚР-ның Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін тұрғылықты жері бойынша немесе тіркеу орны бойынша хабарландыруды мемлекеттік кірістер басқармасында қағаз жүзінде алуға болады. Ал болашақта «E-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы арқылы электронды түрде хабарлама жіберуге болады.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner