«ДЕНДЕРЛІКТЕР» ЖҮЛДЕ АЛҒАН БАЙҚАУ

Бүгін Атырау қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Латынға көшу – өркениетке қадам» атты журналистер арасындағы облыстық байқау қорытындыланды.

Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі жұмыстар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау және халық арасында кеңінен түсіндіру БАҚ өкілдерін ынталандыру мақсатындағы байқауға 14 үміткер қатысып, оның ішінде аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің журналистері де бақтарын сынады. Үш номинация бойынша өтізілген байқау нәтижесінде «Үздік баспа материалы» бойынша әріптесіміз жоғарғы санатты тілшісі Сүйеу Халықов үздік деп танылса, бас редактордың орынбасары, жауапты хатшы Арал Байжігітов те «Алғыс хат» еншіледі.

 

s

 

a

Айта кетейік, бұл байқауда «Үздік телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша «Атырау» телеарнасы редакторы Гүлназ Кәрімжан, ал «Үздік ғаламтор жарияланымынан» «Атырау» газетінің тілшісі Амандық Абдол марапатталған. Сонымен қатар шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латынға көшу. Кеше және бүгін» атты көрме ұйымдастырылып, байқауға қатысушылар мен қонақтар музейге экскурция жасаса, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония әншілері әннен шашу шашып, тамаша көңіл күй сыйлады.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521