«Дендер» жетпейді емес, жеткізбейді

«Баспасөз-баршаға!» деп дабылдатып, басшы-қосшысы қолдап, ақпарат айнасы газет-журналдарға науқандатып жазылғанымызбен оны алуға келгенде жанашыр азайып кететінін әсте қиын-ақ.

Оны редакцияға «Газет кеше шықпай қалды ма?» деп ызғарлана хабарласатын оқырмандарымыздың өздері де жақсы біледі.

Алда, бұйырса, баспасөзге жазу тағы басталады. Қазір ғана Аққаладағы ардагерлер алқасының төрағасы Марат Раушанов редакцияға, «Нұр Отан» партиясы аудандық ұйымына хабарласып, өз ауылдарында ұмыттырып барып, жиі қайталанатынын бұл жайға шара алуды сұрады.

-Бергісін айтсам, өткен бейсенбі, 28 сәуірдегі газет-журналдарымызды анда-мұнда хабарласып, ақыры 3 сәуірдегі сейсенбіде әзер алдық. Маңдай термен келген аз-мұз зейнетақымызға жазылған газетімізді уақтылы оқымай, өзгеден мән-жайды біліп, маңызын жойғанда алған қиын екен. Оны айтсаң тағы түрлі дәлел естиміз,-деп налыды үлкен кісі ауылдастары атынан.

-Негізі баспасөз Атыраудан Индерборға таңертең дереу жеткізіліп, таратылады. Бірақ Аққалаға газеттің бармай қалуы, облыста жаңа қызметкер келіп, Индерге таралымды басқа ауданға ауыстырып жіберіпті. Содан әр ауылды аралап «Дендер» газетін жинақтап, 3 сәуірде жеткізіп бердік,-деді «Қазпошта» аудандық бөлімшесі басшысы Айдар Жобалов хабарласқанымызда.

Сөйтіп, Аққалаға «Дендер» газеті бір апта жүріп әзер жетті, ал мәселенің мәнісі мұнымен шешіледі ме?!

С.БИСЕНОВ,

Аққала ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521