Дендер – Хабарда қонақта

Жақында «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингіне қарасты «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» облыстық газеттері мен «Серпер», «Кең Жылой», «Мақат тынысы» сияқты 7 аудандық газеттің бас редакторлары ел газеті «Egemen Qazaqstan» редакциясында екі күн бойы болып, өзара тәжірибе алмасты, шеберлік сағаттарына қатысты.

Басылым  басшысы Д.Қыдырәлі аталған басқосудың қазіргі ақпарат нарығындағы бәсекелестік жағдайында маңызы зор екенін атап өтіп, дәстүрлі басылымдардың сапалы контентін қалыптастыру бағытындағы медиа-менеджментке қатысты ойларымен бөлісті. Сондай-ақ «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті мен «Атырау-ақпарат» ЖШС басшылары өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойып, алдағы уақытта да екіжақты байланысты үзбеуге уағдаласты.

Сондай-ақ «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Ы.Егембердиев пен газеттің бас редакторы Ж.Амантурлин республикалық «Хабар» агенттігінің «Таңғы хабар» бағдарламасының құрметті қонағы болды. Онда Ы.Егембердиев медиа холдингтің бүгінгі тынысы мен болашақ жоспары туралы айта келіп, биыл облыс әкімінің қолдауымен Баспасөз күнінде «Дендер» газетінің 85 жылдығына орай Индер ауданында үлкен шара өтетінін атап өтті. Ал газет басшысы басылымның кешегісі мен бүгінгісін және келешегі туралы әңгімелеп берді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521