ban2

Демографиялық дүмпу: Индербор халқы 15 мыңнан асты

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратов тұрғындар алдында есеп берді.

Жиынға аудан әкімі Мейірім Қалауи, бөлім, мекеме, басқарма басшылары, депутаттар және кент тұрғындары қатысты. Индербор халқы 2019 жылдың қорытындысымен тұңғыш рет 15120 адамға жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 280 адамға өсіпті.

Ал бастысы өткен жылы Индерборда көптеген игілікті жұмыстар жүріп, көпшіліктің көңілінен шыққанына куәсіздер. Орталық көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аумағы абаттандырылды, парк, автомобиль жолдары жөнделді, көшелер жарықтандырылды, спорт және балалар ойын алаңдары салынды, екінші бағдаршам қосылды, жасыл-желектер жаппай егілді, т.б.

Кәсіпкерлік саласында автокөлік жуу орны, сұлулық салоны, отбасылық кафе, сауда үйі және дүкендер, барлығы 15 кәсіпкерлік нысан қабылданып, қызмет етуде. Мұның бәрі кент әкімі Асхат Саламатұлы баяндамасында толықтай қамтылды.

khalyk

Сөз алған Ж.Елубаева, Н.Каримова, С.Ғалым, С.Пыштыбаев, т.б. алдымен осындай халық игілігіне атқарылған көлемді жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Әрине, аз қамтылған отбасылардың жағдайы, денсаулық саласы, базардағы баға, тротуар жолына қатысты кейбір түйткіл мәселелерді де ортаға салды.

Кент әкімі А.Аймұратов пен аудан әкімі М.Қалауи тұрғындардың сауалдарына орай толымды жауаптарын беріп, алдағы атқарылатын міндеттерімен бөлісті.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner