Дауды шешудің дара жолы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға баса назар аударады. Бұл бағытта сот саласында пилоттық жобалар жүзеге асуда. Осындай татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуге арналған жобаға орай аудандық сотта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесуді аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Руслан Алдамбергенов ашты. Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының бастамасымен 2019 жылғы ақпан айынан бастап «Еңбек дауларының және жария-құқықтық қарым-қатынастан туындайтын даулардың алдын алу, сотқа дейінгі татуластыру рәсімін қолдану» пилоттық жобасы өз қызметін бастаған болатын. Бұның еңбек дауларын сотқа дейін жеткізбей шешу мен алдын алуға, татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуына, тұрғындардың дауды соттан тыс реттеуге деген қызығушылығын ояту және халық арасында дауларды азайтуға, медиацияның дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз, - деді ол.

- Білім беру орындарында жұмыстан шығару, жаза қолдану сынды түрлі еңбек даулары туындаған кезде кәсіподаққа жүгініп жатады. Мүмкіндігінше оң шешу жолдарына жөн сілтеймін, барынша ұжымда шешіп келеміз. Нағыз шешімі табылмай жатса облыстық кәсіподаққа сүйенеміз. Бұл бағытта білім саласында түрлі семинарлар өткізу жолға қойылған. Оған мектеп, балабақшалардан кәсіподақ мүшелері қатысып отырады,-деді аудандық білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитетінің төрағасы Қалжан Ахметова.

Аудандық пошта торабының басшысы Айдар Жобаловтың айтуынша, еңбек дауларында бірден сотқа жүгінбей, алдымен ұжымда дұрыс шешімін тапқаны жөн. Көп даулар болмашы нәрседен де туындап жататындығын айтып өтті.

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521