Бұрқақтар су шашпай «бұлданып» тұр

Кез келген елді мекеннің ажарын ашып, елдің назарын өзіне аудартатын субұрқақтарға не жетсін?!

Жаздың аптап ыстығы басталғанына біраз күн болды, Индербор кентінің қолда бар субұрқақтары әлі қақсып тұр. Саусақпен санарлық бұрқақтың бірі - «Жеңіс» саябағында орналасқан. Бұрындары ара-тұра жұмыс жасап жүрген оның істен шыққанына да біраз болды. Индербор кентінің әкімі Асхат Аймұратов оған жай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ол сондай-ақ «Бейбарыс» көшесіндегі арбатты абаттандыру жұмыстарын жүргізген кезде су бұрқақтары орнатылатынын жеткізді.

"Дендер"-Ақпарат

Сурет: Ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521