БӨЛІМШЕДЕ ЖАҢА БАСШЫ

«Қазақтелеком» АҚ Индер аудандық бөлімшесінің бастығы болып Мұхамбетқалиев Ринат Нұрланұлы тағайындалды.

Ринат Нұрланұлы – 1985 жылы Индер ауданы, Индербор кентінде дүниге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Ол Атырау қаласындағы қазіргі заманғы гуманитарлық институтында «Информатика және есептегіш техника» мамандығы бойынша білім алып, алғашқы еңбек жолын аталмыш бөлімшеде электро-механик болып бастап, кейін инженер, жетекші инженер болып қызмет атқарды. Отбасылы. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Осыған дейін бөлімшеде басшылық қызметті атқарған Ұлдай Ғилымқызы зейнеткерлікке шықты.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521