Болашақтан жаңа дүкен ашылды

Мөлтек ауданның ажарын аша түскен дүкеннің иесі Гүлзира Ахметқалиева тұрғындар сұранысын өтеп, елге қызмет ету мақсатында өз қаражатымен «Berish» аралас дүкенін ашып отыр.

Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген кент әкімінің орынбасары Олжас Хасанов азық-түлік дүкенінің жергілікті халықтың игілігіне айналарына сенім білдірді. Дүкен алдына керілген лентаны кент әкімінің орынбасары О.Хасанов пен кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Д.Сариев қиып, ауылдың ақжаулықты әжелері құтты, берекелі болсын деп шашуларын шашты.

Дүкеннің іші де көз тартады. Азық-түліктің барлығы бар. Сүт, шұжық өнімдерін де осы арадан алуға болады. Күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттар да сатылады. Дүкен иесінің туған-туысқандары мен көрші-көлем сөз алып, сауданың табысты, жас кәсіпкерге жұмысының сәтті болуын тіледі. Тұрмыстық, азық-түлік тауарлардың неше түрі сұрыпталып жиналған сөрелерден аудан тұрғындары өздеріне керегін алып жатты. Халыққа қызмет көрсету орындары көбейе беріп, ауылдастарын қуанта берсін демекпіз!

Г.ИГІЛІКОВА

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521