ban2

Әблязов қорқып отыр - Бас прокуратура

Бас прокуратура өкілдері Мұхтар Әблязовтың сөзіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан оны қудалауды жалғастырады. Әблязов мұны біледі және қорқады. Саяси себептерді сылтауратып қуғынға ұшырағанын айтады, алайда оның ісінде ешқандай саясат жоқ. Биыл шілдеде Нью-Йорк соты Әблязовты жалған ақпарат таратушы ретінде қарастырып, оның саяси қуғынға ұшырағаны туралы пікірлерін жоққа шығарды. Осыған дейін Лондон соты да осындай шешімге келді. Олар оған 4 миллиард доллар айыппұл салып, оны алаяқ деп танып, жалған ақпарат бергені үшін 22 айға соттады. Ұлыбритания ішкі істер министрлігі оны босқын статусынан айырды. Сол себепті Әблязов Францияға қашты және өзі алдап кеткен отандастарын сырттай билікке қарсы айдап салып отыр", - деді Бас прокуратура қоғамдық қызығушылықты қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов. Нұрпейісов Әблязовты тыңдайтындарға жаны ашитынын айтты.

"Әблязовке сенуге болмайды. Адамдарды заңсыз акцияға шығуға үгіттейді. Олардың көшеге шыққаны үшін ақы төлейді. Ол ақшаны сол еліміздің азаматтарынан ұрлады. Әблязов пен оның жақтастары - сот шешімімен тыйым салынған экстремистік ДВК ұйымына - қарапайым адамдарды жаңылыстырып, қасақана құқық бұзушыға айналдырды. Осы кезде ол өзі Францияда жүр, Қазақстаннан және басқа да елдерден ұрлаған қаражатқа өмір сүріп жатыр. Құрметті отандастар, арандатушылыққа жол бермеуге шақырамын, салдары - қылмыстық жауапкершілік", - деді Сапарбек Нұрпейісов.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner