Бір мектептен бірнеше жеңіс

Алматы қаласында Құрманғазы атындағы балалар оркестрі залында әр түрлі жанрды қамтитын ІІ халықаралық «Ұлы дала ұрпағымыз» атты байқау өткен болатын.

Өнер додасына аудандық өнер мектебінің «Інжу-Маржан» би тобы «Бас жүлде» және фортепиано бөлімі бойынша қатысқан Д.Ишахмет І орынға ие болып, өнерлі өрендер аудан абыройын асқақтатты.

-Бұл байқау жас жеткіншектердің өнерін шыңдауға үлкен мүмкіндік болды. Қазақстанның әр өніріңен келген 35 би ұжымы өзара сынға түсті. Бірақ «бұйырған кетпейді» демекші, «Хорезм» биіміздің бағы жанып, жеңіс тұғырынан көріндік,- дейді ұстаз мақтанышын жасыра алмай.

Сондай-ақ, Д.Ишахмет фортепиано аспабында Бетховиннің «Сонатиносын» аса жоғары деңгейде орындап шықты. Ұстазы - Байбоз Ерғали.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521