«Бастау-Бизнес» бизнеске баулиды

Елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жұмыс істеуде.

Бағдарламадағы негізгі басымдық – жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікке ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз ету болатын. Осы орайда, облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Абдолла Идрисовтың қатысуымен жиын өтті. Жиынға аудан әкімі С.Арыстан мен орынбасарлары, бөлім басшылары  мен тұрғындар қатысты.

Аталмыш палата директоры А.Идрисов жаңадан қабылданған бағдарлама аясында қолға алынған «Бастау-Бизнес» жобасының игіліктерін айтып өтті. Бұл жоба бойынша былтырғы жылы облыста 750 адам кәсіпкерлік бағытқа оқытылса, оның ішінде 130-ға тарта адам өз кәсібін ашуға қол жеткізіпті. Биылғы жоспарда  облыс бойынша 1 325 адамды оқытып, оның ішінде кем дегенде 160-ы өз кәсібін бастайды деген жоспар бар екен. Индер ауданы бойынша да 116 адам дәріске қатысса, бүгінгі таңда оның 84-і бизнес жоспарларын қорғаған. Дегенмен оның ішінен  Бөдене, Өрлік ауылдарынан 2 адам ғана несие алуға қол жеткізіпті.

-Бұған дейін «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша  Махамбет, Индер ауданы бойынша несие алуда қиындықтар кездескен. Бүгінде осы мәселені ретке келтіруге жұмыстанудамыз. «Бастау-Бизнес» жобасының тренеріне байланысты да мәселе туындап, оған бизнес саласы біздің өңірге қарағанда жақсы дамыған оңтүстіктен арнайы маманды шақырып отырмыз. Алдағы уақытта да жұмыссыз жүрген және кәсібін жаңа бастаған тұрғындарды  қолдауға жұмыстана беретін боламыз,  -деді палата директоры А.Идрисов.

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 20.09.18 ж. №39 (8190) санынан оқи аласыздар.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521