Балық аулап, бәлеге қалмаңыз

Жыл сайын уылдырық шашу кезеңінде балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың, уылдырық шашатын жерлерге қоныс аударуын қамтамасыз ету үшін, балық аулау мен балықтардың заңсыз айналымына қарсы тұру үшін Индер инспекция бөлімінің маман-инспекторлары, құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Жайық-Каспий бассейінде «Бекіре-2020» кең ауқымды акциясын бастайды.

Осы уақыт аралығында Жайық өзені жағалауында, су айдындарында балық аулауға тыйым салынады. Сонымен қатар заңсыз ауланған балықтың тасымалдау фактілерін анықтау, жол бермеу және болдырмау мақсатында республикалық және халықаралық маңызы бар Атырау-Орал, Атырау-Индер тас жолдарында жол полициясымен бірлесе құрылған балық қорғау рейд шаралары өтіп, бақылау күшейеді.

Браконьерлікпен бітіспес күрес бір акция аясымен шектелмейді. Өйткені, заңсыз балық аулаушылар қыста да, жазда да бекіре тұқымдас бағалы балықтарға және қара балықтарға қол сұғуын қоймайды. Балықтың уылдырық шашу орындарына жетуді қамтамасыз ету мақсатында, инспекторлармен Жайық өзеніне және су айдындарына күн сайын сүзу жұмыстары жүргізіледі.

А.ИБАТУЛЛИНА,

Индер инспекция бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521