Балалар дүкені ашылды

Индербор кентінің Тайсойған көшесі бойында балаларға арналған «BOTA+NUR» дүкені ашылды.

Нысанның ашылу салтанатында алғашқы сөзді кәсіпкердің атасы Нұрлан Ерғалиев алып, балаларының кәсібіне сәттілік тілеп, қуаныштарын бөлісуге келген қонақтарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандағы басшысы Мырзабек Тасыбаев та биылғы «Жастар жылына» байланысты көп көмектер көрсетіліп, жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікке оқытып, жеңілдетілген несие алуға үлкен мүмкіндіктер туып тұрғандығын жеткізіп, жемісті еңбек болсын деген ниетін білдірді.

lenta-kiyu

Салтанатпен алқызыл лентаны Н.Ерғалиев пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Ө.Оразғалиев қиып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша Әмина әжей қуаныш көп болсын деген ырым жасап, шашуын шашты.

sauda

-Алғаш «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша бір айлық курс оқыдым. Сосын отбасымның қолдауымен осы кәсіпті ашу үшін жеңілдетілген 3 млн теңге несие алдым. Дана Абай атамыз «Әр үйдің бір қызығы бала деген» деп айтқандай, балаларға қуаныш сыйлайтын осындай балалар әлемін ашып отырмыз. Әрбір ата-ана біздің дүкенімізден балаларға керекті бар қажетін таба алады деген ойдамын, - дейді жас кәсіпкер Жазира Ерғалиева.

Бұл дүкеннің сөрелерінде кішкентай сәбилерге арналған әртүрлі ойыншықтар мен қоларбалар және сәнді киімдер бар. Ал тауарлар алғашқы тұтынушыларын да тауып жатты.

- Маған дүкен қатты ұнады, жиенімді қуанту үшін ойыншықтар жиынтығын алып отырмын, - дейді кент тұрғыны Рая Кушкалиева.

Айта кетейік, кәсіпкер Жазира Жұмабекқызы отағасы Нұрбол Ерғалиевпен бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521