«Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат»

Аудандық ардагерлер алқасында тұрақты өткізіліп келе жатқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында көтеріліп, бүгінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінде жалғасын тапқан салт-дәстүріміз бен ұлттық сана, тарихты танып, дамыту бағытындағы жұмыстар туралы кезекті сабақ ұйымдастырылды.

-Газет-журналдарға жарияланған Президент Н.Назарбаевтың «Даланың жеті қыры» мақаласымен жақсы танысып шықтым.Трактат деуге тұратын бұл еңбекті болашақта ауданда іске асыруға байланысты іс-шаралар жоспары жасақталып, ішкі саясат пен мәдениет, тағы басқа бөлімдер өздеріне тиесілі міндеттерід іске асыруға жұмылады деген сенімдемін.

Кездесулер ат-үсті асығыс, мағынасыз өтпей, жоспарлы ұйымдастырылып, онда ардагерлер бүгінгі және өткендердің еңбектерін салмақтай айтып, оқушыларға тартымды сыр шерткені дұрыс. Тыңдаған оқушылар мен сол адамдардың еңбектеріне немере-шөберелері қанығып, үйлеріне барып айтып, мақтан етіп жүретіндей жайға жетілуіміз кеерк,-деген ардагер Қабижан Қапиздің пікірі көпшіліктен де кең қолау тапты.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521