Бөлімде жаңа басшы

Индер ауданы әкімінің өкімімен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымына Ибрагимов Акесен Камалиденович тағайындалды.

Ибрагимов Акесен Камалиденович - 1983 жылы 28 мамырда Атырау (Гурьев) облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.

Білімі - жоғары, 2006 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Тау кен инженері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы «Энергопроект-Високоградня» АҚ-ның Атырау филиалында техникалық қауіпсіздік инженерінің көмекшісі қызметінен бастаған.

2007-2010 жылдары «Жайық-Генпроект» ЖШС-де техник геодизист, 2011-2019 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі өндірістік-техникалық секторының бас маманы, өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі, 2019 жылдың қазан айынан күні бүгінге дейін қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Отбасылы.

«Дендер» - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521