Бүлдіршіндер шаттанған күн

Жақында «Айналайын» балабақшасында «Балапаным» (тәрбиешісі-А.Жұмирова), «Гүлімай» (тәрбиешісі-К.Шортанғалиева), «Еркемай» (тәрбиешісі-Б.Сарсенова, А.Жанболаева) топтарының кішкентай балақайларының жаңа жылдық ертеңгіліктері қызықты да көңілді өтті.

Алдымен мерекелік кеште балабақша меңгерушісі Светлана Жанғалиева сөз сөйлеп, балаларды мерекесімен құттықтап, ата-аналарға ыстық ықыласын білдірді.

Жиналған ата-аналар мен ұстаздарға бүлдіршіндер өз өнерлерін паш етіп, түрлі ұлт өкілдерінің биін билеп, сондай үш тілді жетік меңгерген олар орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде тақпақтарын жатқа айтты. Түрлі жан-жануарлармен байланыстырылған ертеңгілік кешке жиналған кішкентай бөбектер шеңбер жасап ортаға мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен ақшақарды шақырды. Олар да кішкентай бөбектерге тәттілерін таратты.

Балабақша балақайларының қуанышында шек болмаған мерекелік кеште ән де айтылып, биде биленді. Кейіпкерлерімен бірге ертегші әлеміне саяхат жасаған балалар мәз-мейрам болып, кеш қызығына батты. Мерекелік кеш әлі де жалғасуда.

Д.ҚАБИ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521