ban2

Бөдене ауылында «Балбөбек» балабақшасы ашылды

Конституция күніне орай Бөдене ауылдық округінде жаңа «Балбөбек» балабақшасының ашылу салтанаты өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары, облыстық білім, құрылыс басқармасының басшылары, мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев білім күні қарсаңында облыс бойынша жаңадан екі мектеп пен үш балабақша ғимараты пайдалануға берілгенін, мұның барлығы да болашақ ұрпаққа салынып жатқан инвестиция деп бағалауға болатынын айтса, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Жалпы қос қабатты 100 орындық балабақша ғимараты заманауи құрал-жабдықтармен және балалардың ойын, жатын бөлмелерімен, қабылдау бөлмесі, спорт, музыкалық зал, асхана секілді өзге де кабинеттермен қамтылған. Сондай-ақ, жас өрендердің тәрбие алуына және олардың бойына білімнің алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдың барлығы жасалған.  

Балабақшаның лентасын облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев мен бірге он үш жыл «Балбөбек» балабақшасында басшылық жасаған Әмина Туминшина мен ауданның «Құрметті азаматы» Кәрім Хамидуллин кесті.

Айта кетейік, балабақша құрылысын жүргізуші мердігер «Дан-Строй» База ЛТД ЖШС жаңа балабақшаның құрылысын 2017 жылы бастап, өз мерзімінде ел игілігіне берілді.

Д.АЙБАР.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner