Аяғын шалыс басқандарға ақыл-кеңес берілді

Өткен аптада аудандық «НұрОтан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында пробация есебінде тұрғандармен кездесу өтіп, оларға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетілді.

Дөңгелек үстелде бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққан азаматтарды тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, қысқа мерзімді оқыту, сондай-ақ кәсібін дөңгелеткісі келетіндерге төмен пайызбен несие беру мәселесі қаралды.

Алдымен пробация қызметі тобының инспекторы, әділет лейтенанты Айгерім Құрмашева жиынның мақсатын түсіндірген соң, қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырда аяғын шалыс басып, істі болғандарды әлеуметтік жұмысқа тартып, оңалту арқылы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе екендігін тілге тиек етті.

Айта кетейік, жалпы бүгінде ауданда 28 адам пробация есебінде тұр. Өткен жылы аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 2 азамат квота арқылы жұмысқа орналасса, ақылы қоғамдық жұмысқа – екі, қысқа мерзімді оқытудан үш азамат өтсе, ал тағы екеуі өз бетінше жұмыс тауыпты.

Дөңгелек үстелде «НұрОтан» партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев сөз алып, Ата заңымызда көрсетілгендей, адам капиталы ең қымбат қазына екенін айтып, қателікке бой алдырғандардың да қоғамға қажет екендігін түсіндіріп өтті. Ал «Атамекен» палатасының аудандағы өкілі Мырзабек Тасыбаев «Бастау-бизнес» жобасының ережесімен егжей-тегжейлі түсіндіріп, бітіргенді туралы сертификат екі жылға пайдаға асатынын жеткізді.

Кездесу кезінде сотталған азаматтар көкейіндегі сұрақтарын қойып, оларға тиісті бөлім қызметкерлері нақты жауап берді.

Диас АҒЫСҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521