ban2

Ауылдың сәні - көше жарығы

Көше жарығы әр ауылдың сәні. Жайықтың Бұқар бетіндегі Жарсуат, Құрылыс ауылдары мен Қызылжар, Ақтан, Кетебай елді мекендерінде барлығы 110 жерге көше жарығы шамдары орнатылып, алыстан көз қызықтырып, самаладай жарқырап менмұндалап тұрады.

 Әрине, мұның сыртында көптеген еңбек, қомақты қаржы да тұрғаны аян. Осы көшені жарықтандыруға кететін электр энергиясы үшін жыл сайын округтің 1 млн. 750 мың теңге қаражаты жұмсалады екен. Алайда осы орнатылған көше жарық шамдарының барлығы бірдей тұрақты жанып тұрады деп айтуға тағы болмайды. Ол да бір бөлек жұмыс.

-  Электр шамдары жиі істен шығады, ай сайын шамамен 10-ның үстіне дейін, кейде одан да көп ауыстырылады. Сол себебті тұрғындар тарапынан реніш көп, ол дұрыс та. Сонымен қатар бірқатар жарық шамдары тозған, ауыстыруды қажет етеді. Электр қуатын үнемдеу және жарық шамдарын тиімді пайдалану үшін алға қарай көше жарығын светодиодты шамдарға ауыстыру, мүмкіндігінше сондай светильниктер алып орнатуды жоспарлап отырмыз,-дейді округ басшысы бұл жөнінде.

Білгеніміздей, бұл жұмыстар 2018 жылдың желтоқсанында басталып та кетіпті. Дегенмен оған мемлекеттен қаржы сұратпай, округтің өзі тапқан қаражатпен С.Ділмұқашев көшесінің жарықтары жаңартылған. 2019 жылы осындай жұмыстармен Абай, Жангиров, М.Дауталиев, Ж.Жанғалиев, М.Мусина көшелері қамтылмақ.

Осы ретте округтегі электр бағандарына «Атырау-Жарық» АҚ-ы иелігінде екендігін де ескеру керек. Сондықтан да округ тұрғындары мен басшылығы тозығы жеткен, кейбір қисайып тұрғандарын уақтылы ауыстыруды аталған ұжымға ұсынып отыр.

С.БИСЕНОВ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner