АУДАНДА – ЖАҢА ПРОКУРОР

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Сахиев Абзал Смағұлұлы Индер ауданының прокуроры болып тағайындалды.

Атырау облысының прокуроры, аға әділет көмекшісі Халидолла Дауешов пен аудан әкімінің міндетін атқарушы Дарын Шамұратов жаңа прокурорды аудан активімен таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Абзал Смағұлұлы – 1983 жылы Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Заң" факультетін тамамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған ол бұған дейін Атырау қаласы және Мақат ауданы прокурорының көмекшісі, Жылыой ауданы прокурорының орынбасары, Атырау қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Ал ауданға тағайындалғанға дейін Атырау облысы прокуратурасының жедел-іздестіру заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

 

Диас АЙБАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521