ban2

Ауданда термеші Ж.Омаровтың кеші өтті

Индер аудандық мәдениет үйінде жыршы, термеші, сазгер Жәкен Омаровтың шығармашылық кеші өтті.

Сахна төрiнде кеш иесінің домбыра, сырнай сынды ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындаған шығармалары мен Ойланайық бауырлар», «Қазақия», «Жақсы болсын жұбайың», «Жақсы бір адам қартайса», «Білесің таңның атарын, қызарып күннің батарын», «Құдіретін көрсең Құдайдың», «Біздің елдің жігіттері», «Зікір-Улла», «Аққұрдастарым Атыраудағы», т.б. терме, хикметтерін әсерлі орындады. 

Сонымен қатар аудандық мәдениет үйі әншісі Айданақ Сағындық Сапура Елемесованың әніне жазылған «Біздің елдің жігіттері» әнін тарту етті.

Көпшілік жыр-терменің үнін тамсана тыңдап, жақсы әсерде тарқасты. Аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов барша жырсүйер қауым атынан үлкен ризашылық білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хаты мен сый-сияпатын табыс етіп, құрмет көрсетті.

Дендер-Ақпарат

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner