ban2

Атыраулық әйелдің үйінен 30 тонна қоқыс шығарылды

Атыраулық тұрғын пәтерінде 20 жыл бойы қоқыс сақтап келген. Коммуналдық қызметтер оның пәтерінен 30 тонна қоқыс шығарды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әйелдің көршілері Атырау облысының әкімдігінің Tеlegram-арнасында пәтерлерінде егеуқұйрық қаптап кеткенін жазып, шағымданған.Тұрғындардың сөзінше, әйел пәтерінде 20 жыл бойы қоқыс сақтаған. Жалғыз тұратын әйел еш жерде жұмыс істемейді, табысы жоқ.Екі жыл бұрын көршілері өз пәтерлерінен үлкен егеуқұйрықтарды байқаған. Артынша зиянкестердің 60 жастағы әйел тұратын пәтерден шығып жатқаны анықталыпты. «Пәтерде екі бөлме бар. Олар қоқысқа толы. Ол жақын жердегі қоқыс жәшігінен үйіне түрлі қалдықтарды, қоқысты тасиды. Жиырма жылдың ішінде қалдықтар шіри бастады. Пәтерде егеуқұйрықтар өріп жүр. Біздің пәтерімізге де кіріп алып, балаларды шошытады», - дейді тұрғындардың бірі Александра Пак.

1

  Шағым түскен күні Атырау әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыс комиссиясы құрылып, оны әкімнің орынбасары Жұмабек Қаражанов басқарған. Жұмыс тобының мүшелері пәтергебарып,жағдаймен танысты. «1959 жылғы Н. есімді азаматшаның жеке куәлігі жоқ болып шықты. Тек кеңестік үлгідегі құжаты бар. Жасына байланысты зейнетақы алмайды екен. Жұмыс тобының жетекшісінің тапсырмасы бойынша жергілікті полиция қызметкерлері әйелді қиын жағдайда қалған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырды. Ол жерде мамандар тиісті медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, қажетті құжаттарын қалпына келтіріп, зейнетақысын рәсімдеумен айналысады. Артынша ол үйіне қайтып бара алады», - дейді қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басқарушысы Нұрлы Хабиева.

«Спецавтобаз» ЖШС-ның 10 қызметкері екі күннің көлемінде егде жастағы әйелдің пәтерін тазалаумен айналысты. Нәтижесінде жұмысшылар 30 тоннадан аса қоқысты үш КамАЗ көлігімен шығарды.

Atpress.kz

Сурет: Акимат пресс служба

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner