ban2

Атырауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №3 мамандандырылған бөлімшесінің өрт-сөндіру депосы ғимараты салтанатты түрде Самал ықшам ауданында ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Аймақ басшысы жаңа өрт сөндіру депосының ашылуы Атырау облысының өрт сөндіру бөлімшелерінің қашықтағы ықшам аудандар мен елді мекендердегі жұмысын жеделдетуде маңызы зор екенін атап өтті.

pss

- Бүгінгі таңда мемлекеттің негізгі басымдығы да, Төтенше жағдайлар Департаментінің мақсаты да аймақтағы өрт сөндіру, өрттен қорғау және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізудің нәтижелілігін арттыру. Жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, 100 жаңа жұмыс орнын да ұсынып отыр, - деді Нұрлан Ноғаев шараға қатысушыларға. Жаңа өрт сөндіру депосында төрт аймаққа - негізгі, өндірістік, тұрмыстық және жаттығу-спорттық болып бөлінген.

posss

Қызметкерлердің өнімді еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалған: демалыс бөлмесі, психологиялық тынығу бөлмесі, жаттығу залы, ас бөлмесі, душ кабиналары, кең бөлмелер, сыйымдылығы жүз адамнан асатын кеңесу залы мен 30 адамға арналған оқу сыныбы. Өндірістік аймақта бақылау-өткізу пункті, автотұрақ, қос резервуарлы жанар-жағармай құю бекеті орналасқан. Жаттығу-спорттық аймақта жаттығу мұнарасы, 100 метрлік кедергілі жол, сондай-ақ, баскетбол мен мини-футболға арналған алаңдар бар. Негізгі ғимараттың үшінші қабатында 40 адамға есептелген жатақхана орналасса, төртінші қабатта қажетті жиһазбен жабдықталған 7 пәтер орын тепкен. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің жүрегі – байланыс пункті, онда өрт оқиғалары мен апатты жағдайлар туралы хабарламалардың барлығы келіп түседі.

- Нысан жергілікті бюджет есебінен салынды. Қазіргі таңда, Исатай және Құрманғазы аудандарында тап осындай тағы екі депо құрылысы жүріп жатыр. Оларды 2020 жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді, Атырау облысы бойынша ТЖД бастығы Сағынбек Өмірзақов. Жалпы, жергілікті атқарушы органдардың қаржылық қолдауының арқасында Атырау облысы бойынша ТЖД бөлімшелерінің материалды-техникалық базалары жыл сайын жаңартылып келе жатқанын атап өту керек.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner