ban2

Атырау қаласының әкімі жұмысынан кетті

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Dender gazeti Атырау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиында Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп, өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

 

Құттымұратұлы өзіне қолдау көрсеткен атыраулықтарға алғысын айтты.

"Біз қызметімізде әрқашан халықтың мүддесі мен ел және аймақ басшылығының нұсқауын басшылыққа алдық. Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңізге шын жүректен қуанамын!", - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

 

Құттымұратұлының отставкаға кетуіне байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін орынбасары Ринат Жанғылышов атқарады.

Әлимұхаммед Құттымұратұлы Атырау қаласының әкімі болып 2018 жылдың 28 маусымында тағайындалған болатын.




Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner