Ғасырдан да ұзақ жыл

Жас мемлекетіміздің тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылымдардың бірі-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім.

Бүгінде подполковник Т.Бражанов басшылық ететін бөлімнің тарихы бұдан 101 жыл бұрын құрылған әскери комиссариаттан бастау алады. Ғасырдан аса тарихы бар бөлім әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, әскери оқу орындарына іріктеу, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауды қамтамасыз ету міндетін атқарып келеді. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулитын шараларды да өткізіп, болашақ әскердің мектептен қалыптасуына тер төгіп жүр. Соның нәтижесіндей былтыр бұл ұжым облыста үздік атанып, 1 орынды иемденген-ді.

Осындай сапалы еңбек нәтижесін көрсетуде ұжымдық жұмыстың ұйтқысы бола білген бөлім бастығының көмекшісі И.Ульянова, Ә.Сұлтанова, жұмылдыру бөлімшесінің бастығы Е.Кабаков, инспекторлар Н.Жиекенова мен Қ.Базарбай, жасақтау тобының бастығы Н.Манкеев сынды азаматтар сіңірген еңбек жатыр. Іскерлігі мен ынта-жігерін әскери бөлімнің мерейін биіктету жолына бағыттап жүрген бөлімнің қорғаныс істері бөлімінің мамандары, міне, осындай. Айта кетейік, өз істеріне жауапкершілікпен қарайтын ұжымда бүгінде 18 қызметкер еңбек етуде.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521