«АРУ АНА» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

-Индербор кентінің жаңа бой көтере бастаған «Болашақ» мөлтек ауданында «Ару Ана» тұрғын үй кешені бой түзеп келеді.

Көңіл қуантарлығы жеке әрі жайлы үйлердің денін аудандағы көп балалы ата-аналарға пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі таңда кешенде 2 пәтерлі 31 үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде үйлердің басым көпшілігінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары аяқтала келсе, бірқатар бөлігінің қабырғалары жаңадан тұрғызылуда. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рамазанов құрылыс жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жеке кәсіпкер С.Абулхайыров жүргізіп отырғанын, ол кәсіпкердің бұдан бұрын да ауданда Есбол, Өрлік, Көктоғай ауылдарында мамандарға арналған үйлер салғанын атап өтті.4

analar

-Екі үйліктің әрбір пәтері 100 шаршы метрден. Бүгінде газ, су, ток, кәріз жүйесі сынды барлық коммуникациясы жүргізілуде. Қоршаулары да тұрғызылып, сапасы қадағаланып, үйдің иесіне тек кілтін беру ғана қалады. Ауданда 1180-дей адам баспанаға мұқтаж ретінде тіркелсе, соның көп балалы санаты бойынша 130-дай адам кезекте тұр. Осы салынып жатқан үйлердің ішінен 45 көп балалы отбасыны аталған үйлерге қоныстандыру көзделіп отыр, - деді салалық бөлімнің басшысы А.Рамазанов.

С.АЙБАТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521