Ақтөбеден - қос алтын

Ақтөбе қаласында КСРО спорт шебері Жарылғасын Тәжниязовты еске алуға арналған республикалық турнирден индерлік палуандар қос алтын жүлде жеңіп алды.

41 келіде жарсуаттық Еламан Өмірзақов пен 52 келіде бөденелік Нұрлыхан Аманғалиев барлық қарсыластарын қапы қалдырып, бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз шәкірттердің ауылдағы бөлімдерде бапкерлері Дархан Ізмұханов пен Ақан Аманов екендігін айта кетейік.

-Жарысқа еліміздің бірқатар облыстарынан палуандар белдескен үлкен додада шәкірттеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Әттеген-айы, 65 келіде көктоғайлық Жәнібек Дархан қола жүлдені қолдан жіберді. Сонымен қатар жарысқа құрметті қонақ ретінде кешегі Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрислам Санаев қатысып, жас палуандармен кездесті, - дейді индерлік палуандарды жарысқа бастап барған бапкер Мақсот Елеуов.

Саламат Базарбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521