Апталық аясындағы мерекелік кеш

Аудандық балалар кітапханасында халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – рухани әлемнің мөлдір бастауы» атты кітап көрмесі ашылды. Бұл көрмеге қазақ ертегілері мен әлем халықтарының ертегілері және балаларға арналған қызықты журналдар қойылды.

Апталықтың бірінші күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын Ә.Тәжібаевтың туғанына – 110 жыл толуына байланысты «Жұлдыз шашқан жырлар» атты жыр кеші өтті. Оған М.Әуезов атындағы орта мектептің 6 «а» сынып оқушылары (сынып жетекшісі Гүлзар Досанова) мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Ақынның «Толағай» аңыз дастаны бойынша шағын көрініс қойған балалар өлеңдерді де жатқа оқыды.

Оқырман бенефисімен жалғасын тапқан мерекелік кеште осы мектептің 8-сынып оқушысы Әсемай Бағдатова «Үздік оқырман» атағымен марапатталды.

Апталықтың келесі күні «Көктем» қазақ орта мектебінің МАД бүлдіршіндері мен сынып жетекшісі Камшат Бердешова қонақта болды. Мұнда кішкентай бүлдіршіндердің үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды. Әуелі даярлық тобының бүлдіршіндері балдай тәтті тілдерімен өздерінің тақпақтарын айтып, «Көктем қандай тамаша» әнін хормен шырқады.

Шараның соңында кітапхана меңгерушісі Болған Темірболатова сынып жетекші К.Бердешоваға «Алғыс хат» табыстап, келген қонақтарға ризашылығын білдірсе, ата-аналар атынан Қазима Самалыққызы бүлдіршіндерге мерекелік кеш сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысын арнады. Ал балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге флешмоб билеп, естелікке суретке түсіп, қуанышты көңіл-күймен тарасты.

Толығырақ Дендер газетінің 25 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521