ban2

Аппараттың жігіттері алға шықты

«Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқау қорытындыланып, Индер ауданы командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Байқаудың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мамандардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, тіл мәдениетін орнықтыру, мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыруға бағытталған болатын.

Индерлік мемлекеттік қызметшілер құрамында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Сансызбаев Айболат Саламатұлы мен аталған бөлімнің бас маманы Ерболатов Қуаныш Маратұлы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы Сағынғалиев Нұрасыл Құрақұлы, аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Жұмабай Рафхат Хасанұлы құрамында сынға түсті.

Олар байқау барысында жұмыс кезінде кездесетін оқиғалар, түрлі ситуациялық жағдайлардан жол табу шеберлігі, шешендік, аудармашалық шеберлікпен қатар орысша, ағылшынша бағытында да түрлі сынықтардан мүдірмей өтті. Нәтижесінде сайыстағы барлығы 8 команда ішінен бірінші орын жеңіп алып, диплом және ақшалай байраққа ие болды.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner